Астаналық 36 жастағы Әсел Нүсіпова Joltap жобасы аясында сайт жасау мен SMM бағытында тегін курстардан өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Мен бала күтіміне байланысты демалыстамын. Joltap жобасы арқылы сайт құрастыру, әлеуметтік желі парақшаларын жүргізу, контент жоспарлау және жарнама негіздерін меңгердім. Сабақтар практикалық тапсырмаларға бай болды, әрі тәжірибелі мамандардан кеңес алу мүмкіндігі берілді», – дейді Әсел.
Қазіргі таңда ол жаңа дағдыларын пайдаланып, өз мамандығы бойынша жұмыс істеп, табыс тауып жүр. Жоба астаналықтарға еңбек нарығында өз орнын табуға және жаңа кәсіп игеруге мүмкіндік беретін әлеуметтік бастама ретінде бағаланып отыр.