01info.kz- ақпараттық портал

Италияда қысқы Олимпиада басталады: Қазақстан туын кімдер алып шығады?

фото: championat.com
0 63

Бүгін, 6 ақпанда Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары басталады. Kazinform агенттігінің хабарлауынша, ашылу салтанаты жергілікті уақытпен 20:00-де (Астана уақытымен 00:00-де) Миландағы «Сан-Сиро» стадионында және Ливиньо қар саябағында қатар басталады. Қазақстандық көрермендер рәсімді сағат 23:20-дан бастап Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.

Биылғы Ақ Олимпиадада Қазақстанның көк байрағын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайлшы Аяулым Әмренова ұстап шығады. 22 ақпанға дейін жалғасатын дүбірлі додада еліміздің намысын 10 спорт түрінен 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) қорғайды. 24KZ арнасының мәліметінше, құрамадағы ең жас қатысушы – 16 жастағы Асан Асылхан (фристайл-акробатика), ал ең тәжірибелісі – 33 жастағы Абзал Әжғалиев (шорт-трек).

Leave A Reply

Your email address will not be published.