Түркістан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Инклюзивті Ассамблея» жобасын іске асыру жолдарын талқылау бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды 01info.kz ҚХА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға арнайы Қазақстан қырғыздары қауымдастығының төрағасы Шавкат Исмаилов, Түркістан облысы ҚДБ басшысының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов, Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова қатысты.
Отырыстың негізгі тақырыбы – инклюзия және жаңа мәдениетті қалыптастыру. Жиын барысында Ш.Исмаилов слайд арқылы баяндама жасап, қатысушыларға маңызды ақпарат бере отырып, өз ойымен бөлісті.
Жиынға облыстық Ақсақалдар, Аналар кеңесінің мүшелері, Медиация кеңесі, этномәдени бірлестіктер, «Ассамблея жастары» және студенттік Ассамблея мүшелері қатысып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
«Инклюзивті Ассамблея» жобасы – Қазақстан халқының бірлігін, этностар мен әлеуметтік топтардың теңқұқылығын насихаттап, қоғамдағы барлық азаматтардың өз ой-пікірін білдіруіне мүмкіндік беретін әлеуметтік маңызы зор бастама.