Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Нурид Тикаев «Жан Еркем-ай» балабақшасының ұйымдастыруымен өткен жылдық қорытынды спорттық сайысқа қатысып, шараға қолдау көрсетті, деп хабарлайды 01info.kz.
Аталған спорттық шараның мақсаты – ерекше балалардың дене белсенділігін арттыру, олардың спортқа деген қызығушылығын ояту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Сайыс барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, табандылық пен жігер танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша барлық балалар медальдармен және кубоктармен марапатталып, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге бөленді.