Алматы облысында өткен Alatau Investment Forum 2025-ке көрші елдерден 300-ден астам инвестор қатысты, деп хабарлайды 01info.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум нәтижесінде жалпы құны 776 млрд теңгеден асатын 16 меморандумға қол қойылды. Келісімдер өнеркәсіп, агросектор және логистика бағыттарын қамтиды.
Әкім Марат Сұлтанғазиев облыста 6,2 трлн теңгені құрайтын 216 жоба бақылауда екенін, оның 72-сі шетелдік капиталдың қатысуымен іске асып жатқанын атап өтті.
Инвестиция көлемі 2025 жылдың соңына дейін 1,3 трлн теңгеге жетеді деп жоспарланған.