01info.kz- ақпараттық портал

GITEX Қазақстанда: Алматы Орталық Азияның басты технологиялық хабына айналады

фото: almaty/press/news
0 54

Әлемдегі ең ірі технологиялық көрмелердің бірі – GITEX алғаш рет Қазақстанға келеді. 2026 жылғы 4–5 мамыр аралығында Алматы қаласында өтетін GITEX Ai CENTRAL ASIA & CAUCASUS іс-шарасы өңірдің цифрлық даму тарихындағы айтулы оқиға болмақ.

Алматының негізгі инновациялық хаб ретінде таңдалуы қаланың іскерлік және технологиялық әлеуетін айқындайды. Еліміздегі «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында ұйымдастырылатын бұл ауқымды жиын Қазақстанның жаһандық экожүйедегі орнын нығайтып, отандық жобаларға инвестиция тартуды көздейді.

Халықаралық көрме Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Шара аясында мемлекеттік органдар, әлемдік IT-компаниялар, ЖИ және финтех саласының көшбасшылары бас қосып, Орталық Азия мен Кавказды бәсекеге қабілетті цифрлық орталыққа айналдыру мәселелерін талқылайды.

Дереккөз: Алматы қ. әкімдігі баспасөз қызметі 

Leave A Reply

Your email address will not be published.