01info.kz- ақпараттық портал

«Ғажайып шырша» – жүректерді жақындастырған қайырымдылық

фото: ҚХА баспасөз өызметі
0 29

Жетісу облысында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Ғажайып шырша» қайырымдылық акциясы аясында жиналған ойыншықтар бүлдіршіндерге табысталды, деп хабарлайды 01info.kz.

Іс-шара Талдықорған қаласы мен Көксу ауданы бойынша бірнеше локацияда өтті:
📍«Үміт» орталығы
📍«Бәйтерек» орталығы
📍«Қамқор» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
📍«Жетісу облысы мүгедектігі бар адамдардың қоғамы» ҚБ

Акция аясында орнатылған қайырымдылық шыршаларынан қала тұрғындары балалардың тілектері жазылған конверттерді алып, жаңа жылдық армандарын орындауға үлес қосты. Жиналған сыйлықтар Ассамблея жастарының белсенділері ұйымдастырған мерекелік бағдарлама барысында бүлдіршіндерге тарту етілді. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық – бұл акцияның ең үлкен нәтижесі!

«Ғажайып шырша» – жыл сайын өтетін дәстүрлі шара. Ол қоғамды мейірім мен бірлікке шақырып, балаларға жаңа жылдық ғажайып сыйлайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.