01info.kz- ақпараттық портал

Ғашықтар күні және интернет-алаяқтар: Сыйлық аларда нені білу керек?

фото: ru.dreamstime.com
0 51

Ғашықтар күні қарсаңындағы мерекелік қарбаласты пайдаланған интернет-алаяқтардың белсенділігі артуына байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады.

Мерекелік жеңілдіктер мен ерекше сыйлықтар іздеген тұрғындарды алдау үшін қаскөйлер жалған сайттар мен әлеуметтік желілердегі күмәнді жарнамаларды жиі қолданады. Осыған орай, POLISIA.KZ хабарлағандай мамандар тауарды тек сенімді маркетплейстерден сатып алуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және шектен тыс төмен бағалардан сақтануға кеңес береді.

Сонымен қатар, сатушыдан тауардың нақты бар екенін бейнеқоңырау арқылы растауды талап ету және ақшаны жеке тұлғалардың шотына аудармау маңызды. Ең бастысы, банк картасының мәліметтерін, CVV-кодты және СМС-құпиясөздерді ешкімге бермеу арқылы қаржылық шығынның алдын алуға болады. Мерекелік көңіл күйді бұзбау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау — алаяқтардың құрбаны болмаудың басты кепілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.