01info.kz- ақпараттық портал

«Гарри Поттер» әлемінің жаңа сериалына музыканы кім жазатыны белгілі болды

фото: ашық дереккөз
0 1 176

Жақын арада көрермен жол тартқан «Гарри Поттер» әлемінің жаңа сериалына музыканы заманымыздың ең танымал композиторы Ханс Циммер жазатын болды. Variety басылымының хабарлауынша, HBO компаниясы бұл жауапты міндетті Ханс Циммер мен оның «Bleeding Fingers» студиясына сеніп тапсырған.

Композитор бұл жобаның маңыздылығын атап өтіп, жаңа музыка классикалық әуендерге құрмет көрсете отырып, көрерменге мүлдем жаңа әсер сыйлауы тиіс екенін жеткізді.

Ханс Циммер — бүгінде әлемдік киноиндустрияның нағыз аңызы. Ол жуырда ғана «F1» фильміне жазған туындысы үшін «Оскар» сыйлығының үміткерлер тізіміне енді. Сонымен қатар, ол «Эйфория» сериалының жаңа маусымы мен «Дюнаның» үшінші бөліміне де музыка жазумен айналысуда. Осындай ауқымды жобалардың авторы «Гарри Поттер» сериалына да тың серпін береді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, жанкүйерлер асыға күткен жаңа сериал 2027 жылы жарық көрмек. Қазіргі таңда түсірілім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Алғашқы маусым 8 бөлімнен тұрады деп жоспарланған.

Дереккөз: peopletalk.ru

Leave A Reply

Your email address will not be published.