01info.kz- ақпараттық портал

Футбол әлемінің назары Астанаға ауады: УЕФА-ның 51-ші Конгресі елімізде өтеді

фото: ҚФФ
0 15

УЕФА 2027 жылдың 4 наурызында өтетін өзінің 51-ші Конгресін Астанада өткізу туралы ресми шешім қабылдады. Бұл туралы Брюссельде өткен мерейтойлық 50-ші жиында хабарланды. Еуропа футболының ең жоғары басқарушы органы саналатын бұл шара Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық футбол жиындарының бірі болмақ.

Астанада өтетін Конгрестің маңызы ерекше, өйткені ол сайлау форматында өтіп, онда УЕФА президенті мен Атқарушы комитет мүшелері сайланады. 55 ұлттық қауымдастық өкілдері бас қосатын бұл жиында Еуропа футболының алдағы даму стратегиясы мен маңызды қаржылық-ұйымдастырушылық мәселелері шешіледі. Ең бастысы, іс-шара толығымен УЕФА қаражаты есебінен ұйымдастырылады, яғни мемлекеттік бюджеттен шығын шықпайды. Бұл тарихи шешім Қазақстанның еуропалық футбол қауымдастығындағы беделін нығайтып, халықаралық деңгейдегі жоғары сенімді білдіреді.

дереккөз: ҚФФ

Leave A Reply

Your email address will not be published.