01info.kz- ақпараттық портал

Емделу үшін 20 күн күту: Денсаулық сақтау саласындағы жаңа реформалар не береді?

фото: ДСМ
0 45

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство алқасының отырысында стационарлық көмек жүйесін ауқымды жаңғырту басталғанын мәлімдеді. Жүргізілген талдау нәтижесінде еліміздегі аурухана төсектерінің 15 пайызы бос тұрғанымен, 222 мыңнан астам пациенттің емделу кезегін 20 күннен астам күтуге мәжбүр екені анықталды. Осы теңгерімсіздікті жою үшін 34 облыстық көпбейінді аурухана мен 19 перинаталдық орталық қайта жаңартылуда. Бұл шаралар жоспарлы емдеуге жатқызуды күту  мерзімін 30 күннен 20 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Министрлік ревматология, кардиология, пульмонология секілді жеті негізгі терапиялық бағыт бойынша тарифтерді көтеріп, клиникалық хаттамаларды қайта қарады. Республикалық деңгейде мамандандырылған орталықтар, ал өңірлерде қосымша терапия бөлімшелері ашылды. Сонымен қатар, педиатрия мен неонаталдық хирургияға ерекше көңіл бөлінуі нәтижесінде балалардың өмір сүру көрсеткіші 86%-ға дейін артты. Алдағы уақытта 55 бейінді бөлімше, телемедицина және симуляциялық орталықтар ашу, сондай-ақ жүздеген маманды қайта даярлау жоспарланған. Сонымен қатар, «госпитальдық фармация» жүйесін дамыту арқылы соңғы екі жылда 1,5 млрд теңге үнемделді. Бұл реформалар медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жүйелі түрде жақсартуға бағытталған.

Дереккөз: ДСМ баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.