01info.kz- ақпараттық портал

«ЕЛТАНУ» АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ – БІРЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУДІ КӨЗДЕЙДІ

0 533

Бұл туралы Шымкенттегі «Мирас» колледжінде оқитын студент жастармен өткен кездесуде айтылды.

Қалалық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Н.Абдукаримов, қалалық Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Ж.Каршибаева, қалалық жастар саясаты басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» маманы Н.Қармантай және қалалық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теологы Р.Қыпшақбаев сөз сөйлеген жиында жалпыұлттық бірлік құндылықтары дәріптеліп, медиацияның әлеуеті жан-жақты түсіндірілді. Қоғамдағы кереғар діни ағымдардан сақтану жайы да назардан тыс қалмады.

Спикерлер студенттерге мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын түсіндіріп, құқықтық мәдениетті көтерудің маңыздылығы ұғындырды.

Әлеуметтік желі арқылы ақпарат таратуда сақтық шараларын ұстану,  ұлтараздық пен діни алауыздыққа жол бермеу, жалған ақпараттарға сенбеу үшін иммунитет қалыптастыру жайы қарапайым тілде баяндалды.

Сала мамандары кереғар діни ағымдардан сақтану жайын ұғынықты жеткізіп, әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру секілді салдары қылмыстық жауапкершіліке әкеп соғатын іс-әрекеттерден сақтану жайын баяндап, студенттердің сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар, «Елтану» ағартушылық жобасы жайлы толымды ақпарат беріліп, жас буынды қолға алынатын іс-шаралар мен жобаларға атсалысуға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.