01info.kz- ақпараттық портал

Елордада «Крещение Господне» мерекесіне дайындық барысы пысықталды

фото: Астана қ. әкімдігі сайты
0 46

Биыл 18-19 қаңтар күндері елорданың барлық православие шіркеулерінде «Крещение Господне» мерекесі атап өтіледі. Негізгі құлшылық рәсімдері Успен кафедралды соборында, Константино-Еленин және Серафим Саровтың шіркеулерінде өтеді. Бұл туралы Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауапты сала басшылары мәлімдеді.

18 қаңтар күні сағат 19:00-де Константино-Еленин соборынан Есіл өзеніне дейін діни шеру (Крестный ход) өтіп, суды қасиеттеу рәсімі орындалады. Жаппай шомылу үшін «Астаналық» саябағының жағалауында арнайы орындар дайындалған. Мұздай суға түсу рәсімі 18 қаңтар сағат 20:00-де басталып, 19 қаңтар күні сағат 23:00-ге дейін жалғасады.

Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін шомылу орындары баспалдақтармен, қоршаулармен және жарықпен жабдықталып, арнайы жылыну пунктері құрылады. Шара барысында ТЖД, Полиция департаменті және жедел жәрдем бригадалары тәулік бойы кезекшілік етеді. Ұйымдастырушылар азаматтарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Дереккөз: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Leave A Reply

Your email address will not be published.