01info.kz- ақпараттық портал

Елімізде 2027 жылдан бастап балабақшалар міндетті лицензияланады

Фото: Ашық дереккөз
0 23

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру саласындағы маңызды өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды 01info.kz.

Министрліктің жеке бақылауында тұрған бұл мәселе – 2027 жылдың қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақшаларды меншік нысанына қарамастан міндетті түрде лицензиялауға көшу.

Вице-министрдің айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты — балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту арқылы білім беру сапасын арттыру. Қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіліп, ол 2024 жылы күшіне енген. Заңнамада әрбір мектеп пен балабақшаның ғимаратына, педагогикалық әлеуетіне, білім беру бағдарламаларына, материалдық-техникалық базасына және инфрақұрылымына қатысты нақты талаптар бекітілген.

Бұл ережелерді енгізуге байланысты, балабақшаларды жаңа талаптарға сәйкес келтіру үшін 2025–2026 жылдар аралығында дайындық жүргізуге арнайы уақыт берілді. Осылайша, 2027 жылдан бастап тек лицензиясы бар мектепке дейінгі мекемелер ғана жұмыс істеуге құқылы болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.