01info.kz- ақпараттық портал

Достық үйінде неміс мәдениетінің көрмесі мен күзгі егін жинау мерекесі өтті

0 68

12 қазан күні Жамбыл облыстық Достық үйінде неміс халқының дәстүрлі Erntedankfest – егін жинау мерекесі мен «Неміс мәдениетінің дәстүрлері мен өнеріне саяхат» атты көрме өтті.
Іс-шараны облыстық немістер қоғамы мен КГУ «Қоғамдық келісім» бірлесе ұйымдастырды.

Көрмеде табиғат көріністері мен ұлттық нақыштағы 200-ге жуық туынды қойылып, көрермендерге эстетикалық әсер сыйлады.
Салтанатты ашылу барысында КГУ «Қоғамдық келісім» басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова және неміс қоғамының төрағасы Александр Гибнер құттықтау сөз сөйледі.

Мереке барысында ұлттық ән-билер мен тағамдар ұсынылып, «Көңілді үйлену тойы» атты концерттік қойылым көрермендердің зор ықыласына бөленді.
Іс-шара неміс мәдениетінің бай мұрасын таныстырып, этносаралық достықты нығайтты.

#ҚХА30жыл #30летАНК

Leave A Reply

Your email address will not be published.