01info.kz- ақпараттық портал

«Добрая крышечка»: Алматыда пластик қақпақтар қайта өңдеуге жиналып жатыр

фото: Алматы қ.әкімдігі сайты
0 17

Алматы қаласында пластик қақпақтарды жинап, кейін қайта өңдеуге өткізуге бағытталған «Добрая крышечка» экологиялық науқаны ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды 01info.kz Алматы қаласының Экология және коршаған орта басқармасына сілтеме жасап.

Бұл бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында және қала әкімдігінің қолдауымен өтуде. Науқанның негізгі мақсаты – пластик қалдықтарының көлемін азайту және тұрғындар арасында қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру.

Науқанға мектеп оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері, ата-аналар және қала тұрғындары белсенді қатыса алады. Ұйымдастырушылар тұрғындарды экологиялық тәжірибелерге тарту арқылы қоршаған ортаға жауапты көзқарас қалыптастыруды көздейді.

Жиналған пластик қақпақтарды Алматы тұрғындары әр аудандағы арнайы қалдықтарды қабылдайтын комьюнити орталықтарға тапсыра алады.

Қабылдау пункттерінің мекенжайлары:

  • Алатау ауданы — Саялы шағын ауданы, 71;
  • Әуезов ауданы — Мамыр-1 шағын ауданы, 26/1;
  • Жетісу ауданы — Серіков көшесі, 6а;
  • Наурызбай ауданы — Шұғыла шағын ауданы, Сакен Жүнісов көшесі, 4/3;
  • Бостандық ауданы — Абай даңғылы, 164/6;
  • Түрксіб ауданы — Жас-Қанат шағын ауданы, 49А;
  • Алмалы ауданы — Байтұрсынов көшесі, 22/1;
  • Медеу ауданы — Халилуллин көшесі, 140/5.
Leave A Reply

Your email address will not be published.