01info.kz- ақпараттық портал

Цифрлық кодекс – заман талабы: Қазақстан технологиялық дамудың жаңа кезеңіне қадам басты

фото: ЖИ
0 36

Қазақстанда қабылданған Цифрлық кодекс елдің технологиялық дамуын жаңа заңнамалық деңгейге көтеріп, жасанды интеллектіні енгізу мен қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастырудың негізгі құқықтық іргетасына айналды,,деп хабарлайды 01info.kz .

Бұл құжаттың басты ерекшелігі — тарихымызда алғаш рет азаматтардың цифрлық құқықтары заңмен бекітіліп, дербес деректерді жою, өңдеуді шектеу және биометриялық сәйкестендіруді тек қатаң заңды шеңберде қолдану мүмкіндігі берілді. Сонымен қатар, азаматтар жасанды интеллект алгоритмдері қабылдаған шешімдерді уәкілетті мамандардың қатысуымен қайта қаратуға құқылы болды, бұл цифрлық шешімдердің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етеді.

Кодекс смарт-контрактілерден бастап цифрлық кондоминиумдарға дейінгі заманауи технологияларды реттеп, «цифрлық құжат» пен «цифрлық растау» ұғымдарын заңды айналымға енгізді.

Енді мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор үшін цифрлық трансформация міндетті процесс болып табылады және бұл жұмыстың нәтижесі олардың қызмет тиімділігін бағалайтын негізгі көрсеткішке айналмақ. Киберқауіпсіздіктің жаңа стандарттары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сервистердің қолжетімділігін де қамтитын бұл ауқымды құжат инновациялар мен адам құқығы арасындағы теңгерімді сақтай отырып, Қазақстанның орнықты цифрлық болашағын айқындайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.