01info.kz- ақпараттық портал

БЗЖ-мен емделу уақытша қолжетімсіз: «Отбасы банкі» өтінім қабылдауды тоқтатты

фото: freepik.com
0 1

«Отбасы банкі» 2026 жылғы 12 қаңтардан бастап enpf-otbasy.kz платформасында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗЖ) емделуге пайдалану үшін өтінімдер қабылдауды тоқтатты. Қазіргі уақытта банк Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, медициналық қызметтерді алу талаптарын қайта қарауда.

Бұл шара зейнетақы қаражатын мақсатсыз пайдалануды болдырмау және ақпараттық жүйелердің жұмысын жетілдіру мақсатында жүргізіліп жатыр. Қаражатты емдеуге пайдаланудың жаңа тетіктері мен өтінімдерді қабылдаудың қайта басталу мерзімі туралы қосымша хабарланатын болады.

Дереккөз: Отбасы банк

Leave A Reply

Your email address will not be published.