Әлемге танымал бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқа шықты. Бұл қуанышты жаңалығын ол әлеуметтік желідегі парақшасында той сәтінен бейнежазбалар жариялау арқылы хабарлады.
Айшолпан Моңғолияда туып-өскен, 13 жасында бүркітшілер сайысында жеңімпаз атанып, «The Eagle Huntress» фильмі арқылы әлемге танылған. Ол 2017 жылы «Asia Game Changer» сыйлығын иеленген.
Ол отбасымен бірге 2024 жылы Қазақстанға көшіп келіп, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында тұрады.