01info.kz- ақпараттық портал

Бүгін, 12 қаңтар — халқымыздың біртуар перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні

0 46

Дінмұхамед Ахметұлы — ел тарихында терең із қалдырған, мемлекет басқару ісінде кемеңгерлігімен, адамгершілігімен және биік парасатымен ерекшеленген ұлы тұлға. Ол халқына адал қызмет етудің, ел мүддесін бәрінен биік қоюдың жарқын үлгісін көрсете білді.

Ел дамуына сіңірген өлшеусіз еңбегі, әділдігі мен даналығы ұрпақтан ұрпаққа өнеге болып қала бермек. Ұлт тағдыры сынға түскен кезеңдерде жауапкершілікті абыроймен арқалап, халықтың сеніміне ие бола білген қайраткердің есімі тарихта алтын әріптермен жазылды.

Ұлы тұлғаның жарқын бейнесі, асыл болмысы мен елге деген шексіз сүйіспеншілігі халық жадында мәңгі сақталып, тәуелсіз еліміздің рухани қазынасына айнала бермек.

(Фото — Алматы облысы Қонаев қ. әкімдігі)

Leave A Reply

Your email address will not be published.