01info.kz- ақпараттық портал

БҚО ҚХА Аналар кеңесі ұмыт қалған салт-дәстүрлерді жаңғыртуға атсалысып жүр

0 263

Батыс Қазақстан облыстық ҚХА Аналар кеңесінің бастамасымен Достық үйінде «Қазақ халқының ұмыт қалған салт-дәстүрлері» атты танымдық кеш өтті.
Наурызнама аясында ұйымдастырылған шараға Орал гуманитарлық-техникалық және Ж.Досмұхамедов ат. колледждер қолдау көрсетті. Жиынның мақсаты — жадымыздан ұмыт бола бастаған көне дәстүрлерді қайта жаңғыртып, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.

Кездесу барысында «Аунату», «Қымызмұрындық», «Белкөтерер», «Байғазы», «Қонақкәде» және «Аушадияр» сияқты салттардан мағыналы көріністер қойылып, олардың рухани-тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді. Танымдық кеш арнайы дайындалған бейнероликтермен толығып, соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Жиынды қорытындылаған ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Ш.Құрманалина барлық қатысушыларға ризашылығын білдірсе, энергетика саласының ардагері Ж.Отарбаев жастарға ақ батасын берді. Игі шараға «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілдері, «Әже сәлемі» ансамблі, студенттер мен қала тұрғындарынан құралған 150-ге жуық адам қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.