Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындары аясында қазақстандық боксшы, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің төрағасы әрі World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин әлемге әйгілі актер Джеки Чанмен кездесті.
Кездесу барысында түсірілген суретті Головкин өзінің Instagram парақшасында жариялап, әсерімен бөлісті. «Біздің дәуірдің аңызы – Джеки Чанмен кездесу», – деп жазды ол.
Айта кетерлігі, XXV қысқы Олимпиада ойындарының гала-концертінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Михаил Шайдоровты Джеки Чан құшақ жая қарсы алған еді. Қытайлық актер гала-концерттің құрметті қонағы ретінде қатысып, спортшының өнеріне жоғары берген болатын.