01info.kz- ақпараттық портал

*БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ: ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ЖАҢА СЕРПІНІ

0 7

*

Түркістан қ. Достық үйінде облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктер мен құрылым төрағаларының, сондай-ақ «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Джумурбаевтың қатысуымен кездесу өтті.

Іс-шараны облыстық ҚДБ басшысының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Н.Сейтжанов жүргізді.

Кездесу барысында:
• ҚХА 30 жылдығы аясында атқарылған жұмыстар,
• өңірдегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту,
• жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және жаңа жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, жиын барысында облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы С.Сафаровқа арнайы төсбелгі тағылып, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Э.Жанғазиева «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Джумурбаевқа «Түркістан – татулықтың темірқазығы, тарихи төрі» кітабын табыстады.

Кездесуде:
• «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Джумурбаев,
• Түркістан облыстық ҚХА жанындағы түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы С.Сафаров,
• Журналистер мен блогерлер клубының мүшесі, «Қызмет» газетінің бас редакторы Б.Нарымбетова,
• Медиация кеңесінің төрағасы Б.Бейсембаев,
• «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы Н.Хасантаев баяндамалар жасады.

Шара соңында Қазақстан халқы Студенттік Ассамблеясының куәліктері табысталып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген жастар салтанатты түрде марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.