Алматыда Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығы Тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтаған мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға этномәдени бірлестіктер өкілдерін, қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Қырғызстаннан келген қонақтар және жастар қатысты.
Бүгінде Қазақстандағы дүнгендердің саны 86 мың адамнан асады. Елдегі дүнген этномәдени қозғалысының қалыптасуы 1989 жылы Алматыда алғашқы мәдени орталықтың ашылуынан бастау алды. Кейіннен этномәдени бірлестіктер желісі кеңейіп, Қазақстанның бірқатар өңірін қамтыды.
Қазіргі таңда дүнген мәдени орталықтарының филиалдары Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында жұмыс істейді. 2022 жылы 11 өңірлік бірлестікті біріктірген «Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Ұйым мәдени-ағартушылық және қайырымдылық бастамаларды жүзеге асырып келеді.
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты, «Қырғыз Республикасының дүнгендері» ҚБ төрағасы Карим Ханджеза, «Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы Зайнуддин Махусеев, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, «ҚДРЭО» РҚБ Қадағалау кеңесінің төрағасы Лугмар Буларовтар салтанатты шарада құттықтау сөз сөйледі. Олар дүнген этносының мәдени мұраны сақтауға және Қазақстан Тәуелсіздігі құндылықтарын ілгерілетуге қосқан елеулі үлесін атап өтті. Сондай-ақ дүнген этносы өкілдері елдің қоғамдық-саяси өмірінде лайықты орын алып, білім, мәдениет, өнер және спорт салаларында айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп жүргені айтылды.
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өз сөзінде: «Орталық қызметінің маңызды бағыттарының бірі — қайырымдылық. Орталық меценаттары әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды, ардагерлерді қолдауға белсенді қатысып, «Мектепке жол» акциясы аясында жүйелі көмек көрсетеді. Жуырда Жамбыл облысындағы филиалдың бастамасымен Масанчи ауылында Алғыс айту күніне орай қайырымдылық акциясы өткізіліп, оның аясында 50 мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді. Мұндай акциялар орталық тарапынан тұрақты түрде өткізіліп келеді. Олар қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің, өзара қолдаудың және ынтымақтың жоғары деңгейінің айқын көрінісі», — деп атап өтті.
Мерекелік кештің айрықша атмосферасын ақындар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мазмұнды концерттік бағдарлама айшs0тады. Сахнада Куддус Кужамьяров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының әртістері өнер көрсетті.
Бағдарламаның поэзиялық бөлігінlе ақын Зухра Парсының «Жарқын достықтың гимні» атты авторлық өлеңін оқуы, сондай-ақ ақын Ланджеры Шимарованың өнер көрсетуі ерекше реңк берді. Дүнген ақыны Джинлирова Мехараның «Туған дүнген тілі» өлеңін оның шөбересі, Алматы қаласындағы №151 ЖББМ 4-сынып оқушысы Раяна Джинлирова тебіреніспен оқыды.
Көрермендер назарына жарқын музыкалық бағдарлама ұсынылды. Фортепианода Масанчи Зару ұлы ақын, ойшыл Абай Кунанбаевтың «Көзімнің қарасы» лирикалық шығармасын орындады. Ал Time to Say Goodbye композициясын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы София Благодарная мен кәсіпкер Камиль Масанчи орындады.
Қырғызстаннан келген құрметті қонақтардың өнері де көрермендерді тәнті етті. Музыкант, композитор және жекпе-жек өнерінің шебері, «Дракон-Тигр» кунг-фу мектебінің Патриархы, 6-дан иегері Есен Исмаилов «Бөртегүл» және «Хуапин» атты авторлық әндерін орындады. Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Зульфия Мейзер «Заря-Востока» би студиясының сүйемелдеуімен «Вәди Нюр» және «Ги ни Мама» композицияларын ұсынды, ал Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Сулейман Люшсан көрермендерді «Йипан» және «Кву Гуо» әндерімен тәнті етті.
Бағдарламаның халықаралық фестивальдердің лауреаты Софии Давузованың «Ни дындини, вэ жыдо» және «Чунтян долэли» әндерімен, сондай-ақ Фатимы Хонанның орындауындағы «Вэди йисы мин» композициясымен жалғасты. Сонымен қатар, «X-Фактор Қазақстан» жобасының қатысушысы Хамит Даузов «Вэди цуо» әнін, ал Салим Мамезов «Хуэйзу яту» шығармасын орындап, өздерінің вокалдық шеберліктерін көрсетті.
Кештің көркі хореографиялық нөмірлермен жарқырады. «Заря-Востока» би студиясы бірнеше көркем қойылым ұсынды, олардың қатарында «Атуш» атты ұйғыр биі ұсынылды. «Джигит тау» кавказ билері студиясы Камран Халиловның жееткшілігімен авар халқының хореографиясына тән динамика, темперамент пен нақышты танытқан «Ойынқұмар қыздар» атты жігерлі авар биін орындады.
Талантты дизайнер, Biya Brand брендінің негізін қалаушы, Қытай Халық Республикасының Хайнань аралындағы Санья қаласының подиумында өткен Халықаралық сән көрсетілімінің жүлдегері Шинху Рабиидің ұлттық топтама дефилесі қонақтардың ерекше қызығушылығына бөленді. Көрсетілімде дүнген этносының ұлттық дәстүрлері мен заманауи дизайнерлік өнер сәтті ұштасқан.
Мерекелік бағдарлама Алматы қаласы Алатау ауданының №151 ЖББМ» КММ «Асыл қазына» балалар хоры «Атамекен» әнімен қорытындыланды. Бұл іс-шараға ерекше жан жылуын беріп, бірлік, достық және Отанға деген сүйіспеншілік идеясын айшықтай түсті.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуін ұйымдастыру комитеті мен бірлестік басшылығы қамтамасыз етті. «Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығы» РҚБ Қадағалау кеңесінің төрағасы Лугмар Буларов, меценат және кештің ұйымдастыру комитетінің басшысы Камиль Масанчи, сондай-ақ бірлестік төрағасы Зайнуддин Мухусеев, төраға орынбасарлары Римма Масырова, Мухаммед Быйянху, Алматы филиалының төрағасы Фарида Гасизова, қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Фатима Мусаева, қалалық жастар қанатының жетекшісі Ахмет Маянов, Жамбыл облысы бойынша филиал басшысы Айша Идыбо, сондай-ақ аталған республикалық қоғамдық бірлестіктің өзге де белсенді мүшелері елеулі үлес қосты.
Мерекелік іс-шара дүнген этномәдени бірлестіктерінің Қазақстанның қоғамдық өміріндегі белсенді рөлін, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, мәдени әралуандықты сақтауға және Тәуелсіздік құндылықтарын ілгерілетуге қосып отырған үлесін тағы бір мәрте айқын көрсетті.
дереккөз: ҚХА баспасөз қызметі