01info.kz- ақпараттық портал

Бибісара Асаубаева — үш дүркін әлем чемпионы: Президент шахматшыны жоғары мемлекеттік наградамен марапаттады

фото: Ашық дереккөз
0 69

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Катардың Доха қаласында өткен әлем чемпионатында блицтен үшінші рет алтын тұғырдан көрініп, тарихи жетістікке қол жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев чемпионды жеңісімен құттықтап, оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Бибісара швейцариялық жүйе бойынша өткен 15 турдың қорытындысымен көш бастап, жартылай финалға шықты. Қытайлық Чжу Цзиньэрді қатарынан үш рет жеңіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Тартысты өткен ақтық сында украиналық Анна Музычукпен кездесті. Алғашқы үш партия тең аяқталғанымен, шешуші төртінші ойында Асаубаева жеңісті жұлып алды.

«Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді», — делінген Президенттің құттықтауында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.