Америкалық әнші Бейонсе ресми түрде долларлық миллиардер атанды. Бұл туралы 29 желтоқсанда Forbes журналы хабарлады.
Капиталдың айтарлықтай өсуі 2024 жылы жарық көрген «Cowboy Carter» кантри-альбомынан кейін орын алды. Сәтті шыққан релиздің арқасында ол Ұлттық футбол лигасының (NFL) Рождестволық матчында өнер көрсетіп, 2025 жылдың ең табысты концерттік турын өткізді.
Осылайша, әртіс әлемдегі миллиардер музыканттар тізімінде бесінші орынға табан тіреді. Оған дейін бұл мәртебеге Тейлор Свифт, Рианна, Брюс Спрингстин және Джей Зи қол жеткізген болатын.
Айта кетейік, шілде айында ABC News телеарнасы Атлантада әншінің әлі жарық көрмеген музыкалары мен концерттік жоспарлары сияқты құпия материалдар салынған екі чемоданның ұрланғанын хабарлаған еді.