01info.kz- ақпараттық портал

Батырхан Төлеуғали таеквондодан әлем чемпионы атанды

Фото: Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі
0 26

Таеквондодан Найроби (Кения) қаласындағы жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медальді жеңіп алды. Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды 01info.kz.

Батырхан Төлеуғали әлем чемпионатында 87 келіге дейінгі салмақта барлық қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. Финалдық белдесуде ол ирандық спортшы Мохаммад Ализадені жеңді.

Айта кетейік, ұлттық құраманың қоржынында қазір үш жүлде бар. Бұған дейін Бейбарыс Қаблан да чемпион атанса, Тамерлан Тілеулес қола жүлдені иеленген еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.