Жаңа жыл қарсаңында Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы игі дәстүріне айналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды 01info.kz.
Аталған шара БҚО Бәйтерек ауданының Кирсаново, Дариян, Чувашка ауылдарындағы жалпы білім беретін мектептердің, сондай-ақ Орал қаласының Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты, Зачаган кенті әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі және Орал қаласындағы №32 мектептің сұраныстары бойынша жүзеге асты.
Қайырымдылық акциясының бас демеушісі – «Бірлік» әзербайжан мәдени-ағарту қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері.
Ал игі істі тікелей жүзеге асырып, сыйлықтарды балаларға табыстаған – «Ассамблея жастары» РҚБ БҚО. Акция аясында 200 балаға жаңа жылдық тәттілер таратылды. Бұл бастама – бірлік пен жанашырлықтың, өзара қолдаудың айқын көрінісі.