01info.kz- ақпараттық портал

Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы – басты назарда

фото: ru.freepik.com
0 18

Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануына қатысты өзекті мәселесін  көтерді. Оның айтуынша қазіргі таңда балалар арасында фастфуд пен энергетикалық сусындарға әуестік күшейіп, кей жағдайда тәуелділікке айналып отыр.

Премьер-министр бұл жағдайдың аса қауіпті екенін атап өтіп, қоғам болып алдын алу шараларын күшейту қажеттігін айтты. Ол Денсаулық сақтау министрлігіне аталған мәселе бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

«Балалардың ішіп-жейтін тамағы – өте маңызды мәселе. Өкінішке қарай, көптеген балалар мен жасөспірімдер фастфуд пен энергетикалық сусындарды жиі тұтынады. Бұл қауіпке барлығымыз бірігіп қарсы тұруымыз керек», – деді Олжас Бектенов.

Аталған жұмыс «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады. Құжатта балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әл-ауқатын арттыру бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту көзделген.

Биылғы 1 ақпаннан бастап барлық білім беру ұйымдарында «тосыннан кіріп келу» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау енгізіледі. Тексерулер балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі және тамақтану сапасына қатысты жүргізіледі.

Мемлекет балалардың денсаулығын сақтау мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.