01info.kz- ақпараттық портал

Азия чемпионаты: Қазақстан нысана көздеуден бес медаль жеңіп алды

фото: ҰОК
0 16

Қазіргі таңда Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, әзірге бес медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Валерий Рахымжан пневматикалық тапаншамен 10 метрге оқ ату сайысында күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ қазақстандық спортшылар пневматикалық винтовкамен 10 метрге оқ атудан командалық жарыста екінші орын алды. Бұл сайыста ел намысын Никита Шахторин, Константин Малиновский және Ислам Сәтпаев қорғады. Бұдан бөлек, ерлер арасында пневматикалық тапаншамен 10 метрге оқ ату бойынша Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді, команда сапында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин және Эльдар Иманқұлов болды. Ерлер құрамасы шағын калибрлі тапаншамен 25 метрге оқ атудан да үшінші орынға тұрақтап, бұл жарыста Никита Чирюкин, Кирилл Федькин және Артемий Кабаков өнер көрсетті. Сонымен қатар әйелдер құрамасы пневматикалық винтовкамен 10 метрге оқ атудан қола медаль жеңіп алып, жүлделі орынға Елизавета Безрукова, София Шульженко және Арина Малиновская көтерілді.

Дереккөз:ҰОК

Leave A Reply

Your email address will not be published.