01info.kz- ақпараттық портал

Аяулы жандарға арналған ақ тілек

фото: Ақорда
0 49

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шараны жұртшылықпен бірге тамашалады. «Астана Опера» театрының салтанатты залында өткен кеш аяулы аналар мен қыз-келіншектерге деген шынайы құрметтің көрінісіне айналды.

Мерекелік бағдарламаның ең жарқын сәттерінің бірі — әлемдік деңгейдегі жұлдыз, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің сахнаға шығуы болды. Димаш өзінің бірегей дауысымен аналарға, нәзік жандыларға арналған тебіреніске толы әнін шырқап, залдағы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Оның орындауындағы шығарма кештің шырайын ашып, мерекелік атмосфераны асқақтата түсті.

Сонымен қатар, сахнада Қазақстанның танымал мәдениет қайраткерлері, опера және эстрада шеберлері мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Шығармашылық бағдарлама аясында классикалық туындылар, халық әндері және заманауи композициялар орындалды.

Ашық дереккөзден алынды

Leave A Reply

Your email address will not be published.