Белгілі ақын, жазушы Ақберен Елгезектің рухани-мистикалық жанрдағы тұңғыш романы — «Дардай» жазылып бітті. Бұл туралы автордың жары Дина Елгезек әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші хабар таратты.
Дина Елгезектің айтуынша, романның сюжеті авторға осыдан екі жыл бұрын таңғы уақытта «аян» ретінде келген. Сол сәтте қағазға түскен алғашқы 40 беттен басталған шығарма биыл күзде толық аяқталды.
«Дардай» романы — саясат, дін, тарих және бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қамтитын күрделі туынды. Автордың жары бұл еңбекті әлемдік әдебиеттің озық үлгілерімен салыстыра отырып, былай деп сипаттады:
«Дардай» — Джордж Оруэллдің «1984», «Мал қора» (Animal Farm) және Франц Кафканың «Құбылу» (Metamorphosis) шығармаларының қазақы версиясы секілді, фэнтези тілінде жазылған бірегей дүние.
Жаңа туындыны көпшілікке таныстыру үшін арнайы жабық Telegram арнасы іске қосылды. Бұл платформаның артықшылықтары:
- Жаңа роман: «Дардай» туындысының электронды нұсқасы (шектеулі уақытқа);
- «Болмаған балалық шақ» фильмінің жоғары сапалы нұсқасы және аттас кітаптың электронды нұсқасы;
- Жазылушыларға Ақберен Елгезектің екі өлеңдер жинағы сыйға тартылады;
- Әрбір оқырманға кітаптар автордың жеке қолтаңбасымен жолданады.
Жаңа романмен танысып, автордың өзге де туындыларын сатып алу үшін төмендегі сілтеме арқылы Telegram-ботқа өту қажет: https://t.me/yelgezek_bot
Қазақ әдебиетіндегі соны соқпақ, мистикалық-фэнтези бағытындағы бұл туынды оқырман қауым үшін үлкен жаңалық болмақ.