01info.kz- ақпараттық портал

Ауылға -100 миллиард: «Ауыл аманаты» жобасы жаңа қарқынмен жалғасады

фото: primeminister.kz
0 2

Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен жоба кеңсесінің отырысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын жаңа қағидаттар негізінде дамытудың басым бағыттары айқындалды.

2026 жылы республикалық бюджеттен жобаны жалғастыруға 100 млрд теңге қарастырылып отыр, оның 60 млрд теңгесі 600-ге жуық ауыл шаруашылығы кооперативін қолдауға және өнім өңдеу саласына бағытталмақ. Жиында Ақмола облысының Ерейментау ауданында ет кластерін құру сияқты стратегиялық нысандарға мемлекеттік қолдау көрсету және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысын қайта пішімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бюрократияны азайту және несие беру үдерісін жеделдету мақсатында барлық өңірлерге екі апта ішінде «Amanat Nesie» ақпараттық жүйесіне толық қосылып, ауыл тұрғындарына жеңілдікпен несие беруді сапалы ұйымдастыру тапсырылды. Сонымен қатар «Даму» қорымен бірлесіп кепілдік берудің жаңа тетіктерін енгізу арқылы ауыл кәсіпкерлігін дамытудың құқықтық негіздері нығайтылатын болады.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Leave A Reply

Your email address will not be published.