01info.kz- ақпараттық портал

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің сарбаздары Отанға адал қызмет етуге ант берді

фото: Қорғаныс министрлігі сайты
0 38

Ақмола гарнизонында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің сарбаздары Отанға адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды 01info.kz  Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

44813 әскери бөлімінің саптық алаңында Әскери ант беру рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шараға Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, авиация генерал-майоры Руслан Қоңыров қатысып, жас сарбаздарды құттықтады.

Ақмола, Түркістан облыстары мен Астана қаласынан шақырылған 170 жас жауынгер Мемлекеттік Ту мен бөлімнің Жауынгерлік Туы алдында Отанды қорғауға әрдайым дайын екендіктеріне серт берді.

Бір ай қызмет еткен сарбаздар осы уақыт ішінде жалпыәскери жарғыларды меңгеріп, қару-жарақпен танысып, саптық және атыс даярлығынан өтті.

Рәсім соңында офицерлер, сержанттар мен сарбаздар туды алып жүретін топтың бастауымен плац бойымен салтанатты маршпен жүріп өтті.

Одан кейін бөлім қонақтарына сарбаздардың қандай жағдайда қызмет атқарып жүргенін көруге және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.