01info.kz- ақпараттық портал

Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті

фото: ҚХА баспасөз қызметі
0 20

2026 жылғы 9 ақпанда Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер клубының отырысы өтті. «Жаңа Конституция жобасы: қоғамдық диалог және БАҚ жауапкершілігі» тақырыбындағы іс-шара Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін қолдауға, сондай-ақ ауқымды саяси-құқықтық өзгерістер жағдайында қоғамдық диалогты қалыптастырудағы журналистік қоғамдастықтың рөлін айқындауға бағытталды. Отырысқа модераторлық еткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев конституциялық реформаны қоғамдық талқылау кезеңінде журналистердің жауапкершілігіне ерекше назар аударды. Ол кәсіби стандарттарды сақтау, фактчекинг пен медиаэтиканы ұстану медиа кеңістіктегі жалған ақпарат пен бұрмаланған түсіндірулерге қарсы тұрудың негізгі құралдары екенін атап өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских конституциялық реформа аясында әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл тақырыбында баяндама жасап, медиа сауаттылықты арттыру және мемлекет, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев жүргізіліп жатқан реформалардың маңызын және олардың мәнін азаматтарға қолжетімді әрі дұрыс жеткізудің қажеттігін атап өтті. Отырыс өңірлердегі Достық үйлерінен онлайн форматта қосылу арқылы өтті. Қатысушылар ҚХА Журналистер клубы алаңының кәсіби пікір алмасу және конституциялық реформаны ақпараттық сүйемелдеудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастырудағы маңызын жоғары бағалады.

Дереккөз: ҚХА баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.