01info.kz- ақпараттық портал

Астанада қар құрсауымен күрес: Қыс басталғалы 420 мыңнан астам рейс жасалды

фото: Астана қ. әкімдігі сайты
0 25

Елорданың коммуналдық қызметі алғаш қар жауған күннен бастап тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Қала аумағында қар күреу жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түнде елордадан қар полигондарына 1 316 ауыр жүк көлігінің рейсі арқылы 22 865 текше метр қар шығарылды.
3 наурыз күні таңертең қаланы қар мен көктайғақтан тазартуға шамамен 1 748 арнайы техника мен 3 036 жол жұмысшысы тартылды.

Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалық жүргізіледі.

Қыс мезгілі басталғалы бері қар полигондарына 428 961 рейспен 6 млн 421 мың 919 текше метр қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде. Бұл жұмыстар да тәулік бойы атқарылып жатыр.

Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шықпауға шақырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.