01info.kz- ақпараттық портал

Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

фото:/#@madenietaqparat
0 59

Астана қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда 2025 жылғы қызмет қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтар айқындалды. Жиынды ашқан министр ұлттық мәдениетті қолдау мен тарихи мұраны сақтау мәселелері алғаш рет Негізгі заңда конституциялық деңгейде бекітілгенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында сөз бостандығына кепілдік беріліп, азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау нормалары енгізілгеніне назар аударылды. Осы орайда Аида Балаева сала қызметіне жасанды интеллект технологиялары мен цифрлық шешімдерді кеңінен енгізуді, сондай-ақ бірыңғай цифрлық даму стратегиясын әзірлеуді тапсырды.

Отырыс қатысушылары мәдениет, креативті индустрия, ақпараттық саясат, азаматтық қоғам және жастар саясатын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Жиын соңында вице-премьер ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді және қойылған міндеттерді сапалы іске асыруды жүктеді.

Дереккөз: Telegram Web

Leave A Reply

Your email address will not be published.