01info.kz- ақпараттық портал

Астанада бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді

0 12

Астанада жаңа жыл қарсаңында бұқаралық «Жаңа жылдық жүгіріс – 2025» спорттық шарасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жаңа жылдық жүгіріс – 2025» спорттық іс-шарасы 2025 жылдың 28 желтоқсанында Триатлон паркінде өтеді.

Іс-шараның басталуы сағат 10:00-ге жоспарланған.

Қатысушыларды тіркеу сол күні сағат 08:30-дан 10:00-ге дейін жүргізіледі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс-шараға қатысушылар саны 1200 адаммен шектелген.

Шара барысында қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Айта кетерлігі, «Жаңа жылдық жүгіріс – 2025» шарасына қатысу тегін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.