01info.kz- ақпараттық портал

Аралға су келеді: 5 жылдан кейін теңіз деңгейі қалай өзгереді?

фото: ru.pinterest.com
0 557

Солтүстік Арал теңізін сақтау және оның су деңгейін көтеру мақсатында ауқымды жобалар қолға алынуда. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің мәлімдеуінше, алдағы 4-5 жылда теңіздің су көлемін 34 км³-ге, ал аумағын 3 913 шаршы шақырымға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Су дипломатиясы мен трансшекаралық келісімдердің нәтижесінде теңіздегі су қоры қазірдің өзінде 18,4 млрд текше метрден 23 млрд текше метрге дейін ұлғайған. Жобаның екінші кезеңі аясында Көкарал бөгеті қайта құрылып, теңіз деңгейі 44 метрге дейін көтерілмек.

Сонымен қатар, Арал – Сырдария бассейнінде су үнемдеу технологияларын енгізу және суару жүйелерін автоматтандыру бойынша 167 жоба әзірленуде. Бұл шаралар жылына 500 млн текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, еліміздің гидроэнергетикалық әлеуетін арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарындағы өзендерде қуаты 1000 МВт-тан асатын 5 ірі ГЭС пен 29 шағын гидроэлектрстанса салу көзделген. Өгем өзеніндегі жаңа жоба жыл сайын 110 млн текше метр ауыз су беріп қана қоймай, қосымша электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді.

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.