01info.kz- ақпараттық портал

Әр баланың құқығы қорғалады: Оқу-ағарту министрлігіндегі маңызды кездесу

фото: Оқу-ағарту министрлігі сайты
0 37

ҚР Оқу-ағарту министрлігінде жаңартылған құрамдағы Оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Жиын барысында Кеңес төрағасы болып Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов бірауыздан сайланды. Іс-шараға қатысқан министр Жұлдыз Сүлейменова мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты нығайтуда бұл органның рөлі зор екенін атап өтті.

Министрдің айтуынша, Кеңес мүшелерінің кәсіби біліктілігі білім беру саласындағы шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауда басты фактор болмақ. Кеңестің алдына қойылған негізгі міндеттерге қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, ведомство қызметінің жариялылығын арттыру және нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жасау жатады.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері министрліктің бюджеттік бағдарламалары мен даму жоспарларының іске асырылуын қадағалап, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізетін болады.

Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметі 

Leave A Reply

Your email address will not be published.