Ақмола облыстық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Анаргүл Хаиржанқызының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды 01info.kz
Іс-шара облыстық Әйелдер күші альянсының, мәдениет басқармасының, сондай-ақ Шахмет Құсайынов ат. Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының қолдауымен ұйымдастырылды.
Мерекелік кеш барысында балаларға театр әртістері арнайы қойылым ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жаңа жылдық мереке аясында Әйелдер күші альянсы бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар табыстады.
Ұйымдастырушылардың жанашырлығы мен қамқорлығы, өнер мен руханиятты дәріптеуге бағытталған игі бастамалары көпшілік тарапынан жоғары бағаланды.
Іс-шара соңында қатысушылар жаңа жылдың әр шаңыраққа құт-береке, ынтымақ пен молшылық әкелуін тілеп, алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы жұмыстардың жалғасын табатынына сенім білдірді.