01info.kz- ақпараттық портал

Анна Данилина жұптық сында әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына қайта енді

фото: ҰОК
0 27

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина әйелдер арасындағы әлемдік теннис элитасына қайта оралды. Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде қазақстандық спортшы бір сатыға жоғарылап, үздік ондықтың 10-орнына жайғасты. Данилинаның рейтингтегі бұл серпілісіне Australian Open–2026 турниріндегі сәтті өнері себеп болды. Мельбурнде өткен жарыста ол сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сайыста финалға дейін жетіп, маңызды рейтингтік ұпайларға ие болды. Турнир аяқталғаннан кейін Анна 11-орында тұрғанымен, өткен аптада былтырғы ұпайларын қорғай алмаған латвиялық Елена Остапенкодан озып, қайтадан топ-10 қатарына енді. Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылдың маусым айында «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шыққан соң Анна Данилина мансабындағы ең жоғары көрсеткішке жетіп, әлемдік рейтингтің 8-орнына дейін көтерілген еді. Ал өткен маусымды қазақстандық теннисші 15-орынмен аяқтаған болатын.

Дереккөз: ҚТФ

Leave A Reply

Your email address will not be published.