01info.kz- ақпараттық портал

«AMANAT» партиясында кәсіпкерлік мәселелері талқыланды

фото: https://t.me/presseconomy
0 11

 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің төрағалығымен өткен кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің екінші отырысына қатысты.

Отырыс жұмысына мүдделі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдері де қатысып, күн тәртібінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайлары мен экономиканың негізгі салаларының дамуына әсер ететін жүйелі мәселелер қаралды.

Отырыста қатысушыларға кеденде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәжірибесі мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу тәсілдерін қоса алғанда, «Ашық Аманат» талдамалық платформасы таныстырылды.

Сонымен қатар отандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар рәсімдердің ашықтығын арттыру, жекелеген талаптарды қайта қарау және адал кәсіпорындарға қосымша әкімшілік жүктеме немесе бедел тәуекелін тудыратын факторларды жою қажеттігін талқылады.

Күн тәртібінде мұнай-газ жабдықтарын өндірушілер қауымдастығы жеке индустриялық аймақтарды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар, «Первомайские деликатесы» ЖШС отандық экспорттаушысы мал шаруашылығын несиелеу, қайта өңдеушілерге кредит беру және мал өнімдерін экспортты реттеу тәсілдерін жетілдіру сияқты АӨК қаржыландыру құралдарын салалық ерекшелікке бейімдеу мәселелерін талқылады. Республикалық сүт палатасы сүт саласында деректердің салыстырмалылығын арттыру және нарықтың ашықтығын қамтамасыз ететін сенімді статистикалық есеп жүйесін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша айтылған мәселелер мен ұсыныстар одан әрі пысықтауға қабылданып, тиісті мемлекеттік органдардың бақылауына алынды.

Дереккөз: https://t.me/presseconomy

Leave A Reply

Your email address will not be published.