01info.kz- ақпараттық портал

Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті артады

фото: rail-news.kz
0 41

Мемлекет басшысының көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Алтынкөл – Қорғас теміржол-шегаралық кешенін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл торап халықаралық көлік дәлізінің маңызды буыны саналады және экспорт-импорт пен транзиттік жүк тасымалында ерекше рөл атқарады.

Қазір Алтынкөл – Жетіген учаскесінде екінші жолдар салынып, жаңа және қолданыстағы айырықтар жаңартылуда. Нәтижесінде желінің өткізу қабілеті тәулігіне 18 жұп пойыздан 33 жұп пойызға дейін ұлғаяды.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов жұмыс сапарымен нысанда болып, жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Жаңғырту жұмыстары 2026 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.