Бала ауыр жағдайда Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілген. Дәрігерлер оның ішегінде 31 магнит бар екенін, жіңішке ішектің көптік тесілуі мен жайылған перитонит дамығанын анықтады.
Шұғыл операция барысында магниттер алынып, зақымдалған ішек тігілді, құрсақ қуысы тазартылды. Дәрігерлердің айтуынша, магниттер ішекте бір-біріне тартылып, ішек қабырғасын қысып, тез арада перитонитке әкелуі мүмкін.
Мамандар ата-аналарды балаларды магнитті ойыншықтардан қорғап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Дереккөз: Алматы қ. әкімдігі баспасөз қызметі