01info.kz- ақпараттық портал

Алматы тауларында жоғалып кеткен сноубордшы қыздың мәйіті табылды

Фото: Ашық дереккөз
0 19

Алматыдағы Бутаков сарқырамасы маңында жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды 01info.kz.

Қалалық ТЖД мәліметінше, 19 желтоқсанда «102» қызметіне хабарласқан туысы қыздың тауға сноуборд тебуге кетіп, қайтып оралмағанын жеткізген. Іздеу жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Республикалық жедел-құтқару жасағы, полиция және еріктілерден құралған 73 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, 5 дрон мен кинологиялық есептоптар пайдаланылды.

Құтқарушылар әйел адамның мәйітін теңіз деңгейінен 2 100 метр биіктіктен тауып, төменге түсірді. Қазіргі уақытта мәйіт полицияға тапсырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысынан кейін марқұмның жеке басы түпкілікті анықталатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.