Іс-шараға «Ассамблея жастары» Алматы қалалық филиалы мен Алматы қаласының Студенттік Ассамблеяларының мүшелері қатысты, деп хабарлайды 01info.kz.
Іс-шараны Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Спорт департаментінің басшысы Бектұр Қиятбай және «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының кеңесшісі, ҚХА мүшесі Рустам Қайрыев ашты. Модератор қызметін ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік офисінің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторы бағдарламаларының жетекшісі Мақсат Байбеков атқарды.
ра ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен, Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті және Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының қатысуымен өтті.
Семинар БҰҰ-ның Алматыдағы офисінде ұйымдастырылып, қаладағы түрлі жоғары оқу орындарының студенттерін жинады. Спикерлер ретінде грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко және бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай сөз сөйледі. Шара барысында жастар арасында көшбасшылық қасиеттерді, жауапкершілікті және этносаралық бірлікті қалыптастырудағы спорттың рөліне ерекше назар аударылды.