01info.kz- ақпараттық портал

“Аллаға, Президентке рақмет!“: Шымкент әкіміне ерекше алғыс айтқан журналист желіде қызу талқылануда

Фото ашық ақпарат көзі
0 21

Шымкент қаласының  әкімі Ғабит Сыздықбеков 11 желтоқсанда ОКҚ алаңында баспасөз конференциясын өткізді. Брифинг барысында қызықты жағдай болды. 

Сұрақ-жауап сәтінде сөз алған журналист әкімге ерекше мақтау айтып, былай деді:
«Біздің Шымкент қаламыз сіз келгенге дейін бір үлкен ауыл сияқты дамып бара жатқан. Мегаполис дегенге өзіміз ұялатын едік. Сіз келгелі бері қала дамыған, шетелдегі мегаполистер сияқты. Тұрғындар қаламызды сондай көркейтіп, еңбек сіңіріп келе жатқан әкіміміз ертең басқа жаққа кетіп қалып, біз жетімсіреп қалмаймыз ба деп қорқады», — деді журналист.

Бұл сөздерге жауап берген Ғабит Сыздықбеков бұрынғы әкімдердің еңбегін атап өтіп:
«Маған дейін болған кісілер, менің әріптестерім барын салып қызмет еткен. Көп нәрсе істелінгенін өзіңіз жақсы білесіз. Әрине, бағаны халық береді. Президентіміз бізді тағайындады. Енді Президентіміз шешеді», — деді.

Осыдан кейін журналист тағы да эмоциямен:
«Сізді бізге әкім қылып сайлаған Аллаға және Президентке рақмет», — деп қайырды.

Бұл сәт әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызды. Бірі журналистің әрекетін орынсыз деп бағаласа, енді бірі әкімнің еңбегін мойындағанын дұрыс деп санауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.