2025 жылы Сауд Арабиясының билігі рекордтық деңгейдегі 356 адамның өлім жазасын жүзеге асырды. Бұл туралы 1 қаңтарда Agence France-Presse агенттігі хабарлады.
Елде өлім жазасының саны бойынша антирекорд осымен екінші жыл қатарынан жаңарып отыр (2024 жылы 338 адам өлім жазасына кесілген еді).
Мамандар мұндай күрт өсімді Эр-Рияд бірнеше жыл бұрын бастаған «есірткіге қарсы соғыспен» байланыстырады. 2025 жылы жазаланғандардың көпшілігі — 243 адам — есірткі саудасына қатысты істер бойынша сотталған. Олардың көбі бұдан бұрын ұсталған, алайда сот процестері аяқталғаннан кейін үкімдері енді ғана жаппай орындалып жатыр.