01info.kz- ақпараттық портал

Әдебиет айдынындағы ақ кеме: «Қазақ әдебиеті» газетінің жарық көрген күні

фото: adebiportal.kz
0 3

1934 жылы 10 қаңтарда «Қазақ әдебиеті» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Апталық басылым содан бері хабар таратып келеді.

Газеттің алғашқы бас редакторы – Ғабит Мүсірепов, жауапты хатшысы – Мұхамеджан Қаратаев болды.

Басылым 1984 жылы 50 жылдық мерейтойына орай қазақ әдебиетін дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.

Газет беттерінде қазақ ақын-жазушыларының таңдаулы туындылары, әдеби-сын мақалалар, публицистикалық ой-толғамдар, тарихи-мәдени мұралар, әлем әдебиетінің үздік аудармалары жарияланып тұрады.

«Қазақ әдебиеті» газеті бүгінге дейін әдебиет пен өнердің халық өмірімен біте қайнасуына қызмет етіп келеді.

Материал  ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ – Telegram алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.